Қазақстандық таэквондошы Әлем чемпионатында күміс жүлдені еншіледі
Қытайлық Тайпейде өтіп жатқан таэквондодан жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық Артур Ким (48 келі) күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы алдымен мысырлық және таиландтық спортшыларды ұтты. Жартылай финалда өзбек спортшысы Валентин Хегайдан ұпай санымен басым түсті.
Шешуші кезеңде жарыс қожайыны Чен Ю Вангтен 6:13 есебімен ұтылып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Артур Ким өткен жылы Джакартада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленген еді.