Әлем Кубогы кезеңінде - Astana Motorsports (ФОТО)
Абу-Дабиде өтіп жатқан Әлем Кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Astana Motorsports командасы жалпы есептегі көрсеткіштерін жақсартты. Т1 санатында Бауыржан Исабаев пен Владимир Демьяненко 9-шы орынға, ал Айдын Рақымбаев пен Антон Николаев 17-ші орынға көтерілді. Бұл кезеңде екі экипаж да ондыққа енді.
«Бүгін арнайы белгілеген аймақ оңай болмады. Аптап ыстық, құм төбе және 200-300 метрлік еңістер. Жылдамдық жоғары болды», - деп бөліседі автошабандоз Айдын Рақымбаев.
Ал жеңіл көлікті тізгіндеген Денис Березовский мен Игнат Фальков бұл кезеңде қиындыққа тап болды. Көлікте техникалық ақау болып, мәреге 11-шы келді. Дегенмен, қазақстандық спортшылар Т2 санатында бірінші орынды сақтап қалды.
Бүгін автошабандоздар Abu Dhabi Desert Challenge 2014 жарысының төртінші кезеңіне қатысады. Бұл кезеңнің ұзындығы 400 шақырымға жуық.