Қазақстандық таэквондошылар Гамбургте өткен халықаралық турнирде үш қола медаль жеңіп алды
Германияның Гамбург қаласында 11-13 сәуір аралығында өткен таеквондодан G-1 сериясындағы «German Open» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылары үш қола медаль еншіледі, деп хабарлайды confederation.kz.
Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер арасында Айдана Еділбаева (42 келі), ал ересектер арасында Саламат Байбатыров (54 келі) қола медальді жеңіп алды. Ал жарыстың соңғы күні Мереке Жүсіпова (73 келі) құрама қоржынына тағы бір қола салды.
Жасөспірімдер. 42 келі. Қорытынды:
1. София Греко (АҚШ).
2. Синди Ланс (Голландия).
3. Айдана Еділбаева (Қазақстан), Милана Хаунежева (Ресей).
Ерлер. 54 келі. Қорытынды:
1. Логан Герик (АҚШ).
2. Жезус Тортоса Кабрера (Испания).
3. Саламат Байбатыров (Қазақстан), Сергей Колб (Германия).
Қыздар. +73 келі. Қорытынды:
1. Гвладис Эпангу (Франция).
2. Катарина Вайсс (Германия).
3. Мереке Жүнісова (Қазақстан), Росанна Симон Аламо (Испания).