Жансая Әбдімәлік Азия чемпионатында үшінші орын алды
БАӘ-нің Шардж қаласында классикалық шахмат ойындары бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы Азия құрлығының чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аталмыш қалада ерлер мен әйелдер арасында Азияның блиц бойынша ресми чемпионаты өтуде. Онда әйелдер тобындағы өзара бақ сынасқан 23 шахматшының ішінде 14 жастағы Жансая Әбдімәлік қазақстандық жалғыз ойыншы болды.
Рейтинг бойынша Жансая Әбдімәлік қатысушылар тізімінде 15-ші болып тіркелген. Қазақстандық шахматшы тоғыз партияда 6,5 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштері бойынша үшінші орынды иеленді.
Екінші орын үнділік гроссмейстер Харике Дронаваллиге бұйырды. Ал бірінші орынды қытайлық Тан қанжығасына байлады.
Классикалық шахмат бойынша Азия чемпионаты 26 cәуірде аяқталады.