Қазақстанда тегін таэквондо мектептері ашылады
Қазақстанда таэквондоны дамыту мен балалар спортын қолдау мақсатында Таэквондо федерациясы алты спорт мектебін ашады. Бұл мектептерде спортпен шұғылдану тегін болмақ.
Федерация жаңа мектептерді спорттық жабдықтармен, мамандармен және спорттық дәрігерлермен қамтамасыз етеді. Мұндай алты мектептің алғашқысы Астанада ашылды. Оған таэквондодан қазақ және түрік мектептерінің негізін қалаған Мұстафа Өзтүріктің атауы беріліп, «Мұстафа- Астана» деп аталды. Ашылу салтанатына орай алғашқы шәкірттерге спорттық киімдер мен жабдықтар сыйға тартылды.
Айта кетейік, «Мұстафа- Астана» спорт мектебі «Сарыарқа» велотрегінің ғимаратында орналасты. Алдағы уақытта тағы бес таэквондо мектебін ашу жоспарда бар. Бұл мектептер еліміздің шығысы, батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде ашылады. Мұнда балалардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалмақ.