Таразда спорттық аяқ киімдер шығарылмақ
2014 жылдың соңына қарай Таразда Вьетнам фирмасымен бірлескен спорттық аяқ киімдер шығару өнеркәсібі іске қосылмақ.
«Біріккен кәсіпорын құрылды. Енді құрылғыларын әкеліп, жылдың аяғына қарай отандық аяқ киімдерді шығармақпыз», - дейді «ТаразТеріАяқкиім» ЖШС-ның бас директоры Олег Мустафиди.
Өнеркәсіп басшысы Тараздың кроссовкалары Қазақстан мен Ресейге таратылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, «ТаразТеріАяқкиім» ЖШС былғары тауарлар, жұмысқа арналған арнайы аяқ киімдер, күш құрылымдары мен әскерге, күнделікті киюге арналған аяқ киімдерді шығарумен айналысады.