ММА. Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш «алтын» алды
Астанада аяқталған ММА бойынша Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш «алтын» алды.
77,1 келі салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов ресейлік Бек Умаровпен кездесіп, жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
84 келі салмақта Дәурен Ермеков тәжік спортшысы Исломджон Ализодамен кездесіп, қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.
93 келі салмақта төбелескен Мурад Абдурахманов үшінші «алтынды» иеленді. Оның қарсыласы – Оңтүстік Корея спортшысы Ли Дже Мин жекпе-жектен бас тартты.
М-1 Challenge 48 кәсіби турнирінде 77 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Рашид Дагаев жеңімпаз атанды. Ол испандық Жерардо Нуньестен бірінші раундта басым түсті.