Күнтізбе. Спорт тарихындағы елеулі оқиғалар
1984 жылы австриялық автошабандоз Ники Лауда үшінші мәрте «ФОРМУЛА-1» жарыстарының жеңімпазы атанды.
20 жыл бұрын атақты гроссмейстер Гарри Каспаров шахмат біріншігінде ағылшын Найджел Шортты жеңді.
1871 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алғаш рет әуесқой атлетшілер ойыны өтті.
1974 жылы, Халықаралық Олимпиада комитетінің Венада өткен 75-ші сессиясында 1980 жылғы қысқы Олимпиада Ойындары өтетін орын - Лейк Плесид қаласы, ал 1980 жылғы жазғы Олипиада Ойындары өтетін орын - Мәскеу қаласы болып шешілді.
37 жыл бұрын Олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы, румындық спорттық гимнастшы қыз – Лугож Тимиш дүниеге келді.
13 жыл бұрын америкалық боксшы Майк Тайсон кәсіпқой спортпен қоштасатыны туралы мәлімдеме жасады, бірақ артынша айтқан мәлімдемесін жоққа шығарып, аса ауыр салмақтағы чемпиондық атаққа таласып, жекпе-жектерге шығып жүрді.