Даму бағдарламасы бекітілді

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып, елімізде бокс, дзюдо, таеквондо (WTF), ауыр атлетика, грек-рим, еркін және әйелдер күресін дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жасап шығарды.

Бағдарлама конфедерация құрамына кіретін спорт түрлерін қарқынды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту да басты назарда.

Бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға арналған бағдарламаны жасап, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен бірлесе жүзеге асыру - спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының басшысы Тимур Құлыбаев түзген негізгі сегіз бағыттың бірі.

Бұл бағдарлама еліміздегі ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу үдерісін жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғылыми топтар құру арқылы көптеген мәселені ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерттеп, спортшылар дайындығына медициналық және биологиялық тұрғыдан көңіл бөлу көзделген.

Материалды-техникалық базаны нығайту мақсатында спорттық нысандарды салу да Бағдарламада қарастырылған. Конфедерация қатарына кіретін спорт түрлеріне қатысты аталған спорт нысандарында дене шынықтыру және сауықтыру шараларын өткізу жоспарланған.

Бағдарламада спорт саласының мамандарын даярлауға ерекше көңіл бөлінген. Бұл шара спорт және дене шынықтыру факультеттері мен кафедралары базасында жүзеге асады. Сонымен қатар, жетекші шетелдік оқу орындары, ғылыми орталықтар, халықаралық спорттық ұйымдар және клиникалармен мамандарды дайындау, тәжірибе алмасу мақсатында байланыс орнатылмақ.

Ал конфедерация құрамына кіретін спорт түрлеріне жанкүйер ықыласын арттыру мақсатында фан клубтар құрып, маркетингтік бағдарламаларды көбейту қарастырылуда, деп хабарлайды confederation.kz.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды