Таразда футбол спорт мектебінің шәкірттері флешмоб ұйымдастырды
Футбол додасына жұртшылықтың қызығушылығын арттыру мақсатында Таразда ауқымы кең акция өтті. Футбол спорт мектебінің шәкірттері флешмоб ұйымдастырып, соңынан жасыл алаңда спорттық шеберліктерін көрсетті.
Шараға орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен медицина қызметкерлері қатысты. Бүгінгі таңда шаһарда 14 мыңға жуық жеткіншек футболмен шұғылданса, 12 әуесқой футбол клубы жұмыс істейді.
Шараны ұйымдастырушылар жастарды акцияға қатыстыра отырып, бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді.