Халықаралық олимпиада комитеті жеке телеарнасын ашпақшы
Халықаралық олимпиада комитеті жеке телеарнасын ашпақшы. Бұл туралы ұйымның президенті Томас Бах мәлімдеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Телеарна олимпиада ойындарын дәріптеп қана қоймай, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады. Жоба бекітілген соң телеарна құруға түрлі мемлекеттердің спорт федерациялары, Олимпиада комитеттері, телеарналар мен демеушілер қатысады, деп жоспарланып отыр.