Волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Азия чемпионатында 7-ші орын алды

Азия чемпионатында барлығы 15 команда бақ сынасты. Тайваньда волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан соңғы ойында Шри-Ланка құрамасын ұтып, 7-ші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Ал, Азия чемпионатында Қытай волейболшылары жеңіске жетті. Олар финалда Жапония құрамасын ұтты. Қола медальды Оңтүстік Корея иемденді. Қазақстан құрамасынан жоғары Таиланд, Тайвань және Үндістан волейболшылары орналасты. Бұл Азия чемпионатында барлығы 15 команда бақ сынасты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Сабина Алтынбекова осы Азия чемпионатының «жұлдызына» айналды. Ол осы жарыстың ең сұлу аруы танылды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды