Алматыда волейболдан Азия кубогы өтеді
Турнирге Азияның 8 елінен ұлттық құрама командалар қатысады.
Алматы қаласында 18-24 тамызы аралығында волейболдан ерлер құрама командалары арасында IV Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарт.
Елімізде жыл сайын осы уақытта волейболдан «ҚР Президентінің кубогы» өтетіні белгілі. Биыл, IV Азия кубогы ҚР Президентінің кубогы өтетін уақытқа сәйкес келген соң, бұл турнир ресми түрде
«IV Азия және «ҚР Президентінің кубогы» Халықаралық жарысы болып аталды.
Турнирге Азияның 8 елінен ұлттық құрама командалар қатысады. Олар: Австралия, Үндістан, Иран, Тайланд, Оңүстік Корея, Қытай, Қазақстан және Жапония елдері.
Сегіз команда екі топқа бөлінген:
«А» тобы: Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістан.
«В» тобы: Қытай, Иран, Австралия және Тайланд.
Ойындардың күнтізбелік реті төмендегідей:
18 тамыз: Қазақстан - Үндістан, Оңтүстік Корея - Жапония, Қытай - Австралия, Иран - Тайланд.
19 тамыз: Оңтүстік Корея - Қазақстан, Жапония - Үндістан, Австралия - Тайланд, Қытай - Иран.
20 тамыз: Қазақстан - Жапония, Үндістан - Оңтүстік Корея, Иран - Австралия, Тайланд - Қытай.
22 тамыз: ¼ финал (1А-4В), 1В-4А, 2А-3В, 2В-3А)
23 тамыз: ½ финал, 5-8 орындар үшін ойындар
24 тамыз: Финал, 3, 5 және 7 орындар үшін ойындар
Турнир Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.