Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды
Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып 4 жылға қайта сайланды, деп хабарлайды chess-news.ru.
FIDE президенті сайлауына Илюмжиновтан өзге әлемнің 13-ші чемпионы Гарри Каспаров та қатысқан.
Бұл ұйымды 1995 жылдан басқарып келе жатқан 51 жастағы Илюмжинов 110, ал Каспаров 61 дауыс жинаған.