Колумбияда өткен «Open De Las Americas» турнирінде таэквондошыларымыз екі алтын еншіледі
Қазақстандық таэквондошылар Нұрсұлтан Мамаев (58 келі) пен Смайыл Дүйсебай (87 келі) Колумбияда өткен G-1 сериясындағы «Open De Las Americas» турнирінде топ жарды, деп хабарлайды confederation.kz сайты
Нұрсұлтан Мамаев финалда мексикалық Дамиан Вильяны жеңсе, Смайыл Дүйсебай эквадорлық Жезус Паррадан басым түсті.
58 келі. Қорытынды:
1. Нұрсұлтан Мамаев (Қазақстан)
2. Дамиан Вилья ( Мексика)
3. Карлос Наварро ( Мексика), Брэйнэр Лопес (Колумбия)
87 келі. Қорытынды:
1. Смайыл Дүйсебай (Қазақстан)
2. Жезус Парра (Эквадор)
3. Стивен Ломбдин (АҚШ), Кристофер Мойтланд (Коста-Рика)
Естеріңізге сала кетейік, екі спортшы да испаниялық Филип Пинердің тәжірибелік командасында жаттығады.