Жылдың басынан бері Қостанай облысында 1,5 мың спортшы разряд мен санат алды
Қостанай облысы спорт атақтары мен санаттарын беру бойынша республикада алғашқы үштікте тұр. Жыл басынан Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1 582 спортшыға атақ пен санат алуға құжаттар берді.
Оның ішінде, 379 спорт шеберіне үміткер, 1-ші разрядты спортшы және жоғары мен орта деңгейдегі жаттықтырушыға берілді.
«Қостанай облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы атақ пен санат алған спортшылар саны бойынша көшбасшы Қостанай қаласы», - деп атап өтеді «ХҚКО» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай.