Ақтөбеде «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды
Ақтөбеде бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Денсаулық фестивалі» өткізілуде, деп хабарлайды Қазақ радиосы. Оған барлық мекеме қатысуда. Мәселен, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған фестиваль аясында «Толағай» спорттық шарасын ұйымдастырды. Оған қызметкерлер отбасымен қатысты.
Ақтөбедегі «Кикбоксинг» спорт клубында өткен шарада спортшы отбасыларға қызықты талаптар қойылды. Олар қашықтыққа жүгірді, қапшық киіп секіріп, жылдамдықтарын, икемділіктерін байқатты.
Ақтөбе облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Төлеген Жарықовтың айтуынша, бірінші рет ұйымдастырылып отырған шара бұдан былай жыл сайын өткізілетін болады.