Нанкин – 2014. Көркем гимнастикадан қазақстандық қыздар қола медаль алды
Көркем гимнастикадан қазақстандық қыздар командасы Нанкин Олимпиадасында қола медаль иеленді. Екінші орынды Болгария, ал алтын медальды Ресей спортшылары алды.
Топтық жаттығу:
1. Ресей – 29, 550
2. Болгария – 27, 050
3. Қазақстан – 25, 050
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының мүшелері – Әмина Қожахат, Нұрай Құмарова, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Олеся Колышева, Дарья Медведева.