Болатбек Райымқұлов самбодан Әлем Кубогының 4-ші кезеңінде жеңіске жетті
Болгарияның Бургас қаласында самбодан Әлем Кубогының 4-ші кезеңі аяқталды.
Жарыстың бірінші күні қазақстандық Болатбек Райымқұлов 52 келі салмақта алтын медаль иеменді. Айта кетейік, финалда ол қазақстандық Бейімбет Кенжалинді ұтты.
Сонымен қатар, бірінші күні Арман Оспанов 68 келі салмақта қола медальға қол жеткізді.
Жарыстың екінші күні, қазақстандық Гухан Түркмаханова 52 келі салмақта үшінші орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы жекпе-жек самбосында Ерболат Бәбібатыров (57 келі) пен Дидар Жараспаев (74 келі) қола медаль алды.
Жарыс қорытындысы бойынша, самбо мен жекпе-жекті самбодан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Ресей мен Беларусь құрамасынан кейін үшінші орынға тұрақтады.
Фото:timeskz.kz