17 жастағы алматылық Любовь Андреева «Формула» жарысына қатысатын болады
Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Формула-3» жарысына елімізден спортшы қатысатын болады, деп хабарлайды «Astana Motorsports» командасының көшбасшысы, «Дакар-2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус.
17 жастағы алматылық Любовь Андреева 2015 жылдан бастап, «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының құрамында атақты «Формула-1» жарыстарының ең төменгі сериясы саналатын «Формула-3» сайысында сынға түседі.
«Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы 2015 жылдан бастап, клуб құрамына жаңа категорияны енгізуді ұйғарды. Ол - «Формула» шапшаң жарыс категориясы. Бұл категорияда ең үздік қазақстандық жүргізуші - 17 жастағы Любовь Андреева» - деді өз сөзінде А. Ардавичус.
Любовь Андрееваның Қазақстанда картинг бойынша өткізілетін жарыстардың барлық кезеңінде жеңіске жеткен.
ҚазАқпарат