Нұрболат Жайлаубаев кикбоксингтен Әлем чемпионы атанды
Есенмұрат Селіков шәкірттері Италияның Ремин қаласында өткен кикбоксингтен WAKO Дүниежүзілік қауымдастығының Әлем чемпионатында төрт медаль иеленді.
81
келі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Нұрболат Жайлаубаев алтын медаль иеленіп, Әлем чемпионы атанды. Өнербек Селбай (51 келі) Әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді. Ал Бауыржан Қалдыбаев пен Әділжан Тілікбай қола медаль алды.
«Мен өз шәкірттеріме ризамын. Себебі олар әр жекпе-жекте бар күш-жігерін салып, жақсы нәтиже көрсете алды. Ал Италияның Ремин қаласындағы жарысқа 57 елден 900-ге жуық спортшы келген еді. Сондықтан бәсекелестік өте жоғары болды», - дейді бапкер Есенмұрат Селіков.
Lada.kz