Қазақстандық муай тай шеберлері Еуропа чемпионатында 12 медаль иеленді
Муай тайдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатында 12 медаль иеленді, деп хабарлады құраманың бас бапкері Елхан Аманқұлов.
«Польшада өткен Еуропа чемпионатында 25 елден 400 спортшы қатысты. Қазақстаннан әртүрлі салмақ дәрежесінде 15 спортшы барып, әртүрлі сападағы 12 медаль иеленді. Біз бұл чемпионатқа жас спортшыларды апардық. Олар бұған дейін үлкен жарыстарға қатысқан. Мысалы, Әлем чемпионатында 3 алтын жүлде алған. Жалпы біздің спортшылар техника жағынан ешкімнен кем емес, алайда, физикалық төзімділігі мен психологиялық дайындығы нашарлау», - деді Елхан Аманқұлов.
Қазақстандық муай тай спортшыларының Еуропа чемпионатынды көрсеткен нәтижелері:
А классы:
Ілияс Мусин (54 келі) – қола
Рүстем Ақжанов (71 келі) – қола
В классы:
Еламан Саясатов (48 келі) – алтын
Ищан Галиев (57 келі) – күміс
Қазбек Сағындықов (60 келі) - қола
Кіші жас аралығында:
Абылай Құралбаев (45 келі) – күміс
Дмитрий Зуев (48 келі) – қола
Әлішер Мұхтаров (57 келі) – алтын
Николай Самусев (63,5 келі) – күміс
Владислав Голошубов (48 келі) – қола
Рымбек Сейітбек (51 келі) – күміс
Анатолий Соломкин (54 келі) – алтын.
Фото: yvision.kz