Регбиге арналған «Come on Kazakhstan» деректі фильмі көрсетіледі
10-шы қазан күні Қазақстан спорт және туризм академиясында регби спорты туралы «Come on Kazakhstan» атты деректі фильм көрсетіледі. Көрсетілім Академияның залында сағат 11:00-де болады.
Фильм көрсетілімінен кейін оның режиссері әрі продюссері Дәулет Сұлтан мен қазақстандық регби ойыншысы Марат Уанбаев Қазақстанда спорттық тақырыптағы деректі фильмдер, регби ойыны, фильм түсірілімі туралы көрермендердің сұрақтарына жауап береді.
Регбиден КСРО мен Франция құрамалары үшін ойнаған Марат Уанбаев бұл спортқа, яғни 18 жасында келгенін айтты. Алайда, бұл оған жақсы ойын ойнау үшін еш кедергі болған жоқ.
«Регби – бұл менің өмірімнің бір бөлігі. Бұл спорт түрі маған қатты ұнайды және мен оған бар өмірімді арнадым. Ол барлық әлемде танымал спорт түріне жатады. Регби біздің халыққа жақсы келеді, ал жастарымыз үшін жақсы негіз болушы еді. «Come on Kazakhstan» деректі фильмі регбидің танымалдығын арттырып, біздің елде таралуына өз септігін тигізеді, деп ойлаймын», - деді Марат Уанбаев.
Фото: www.zimbio.com