ММА. Ермұхан Існиязов Mix-Combat турнирінде Татарстан спортшысын жеңді
Қазақстандық үш спортшы Қазан қаласында өткен халықаралық Mix-Combat турниріне қатысты. Асылхан Жақсылықов (16-17 жас) әуесқойлар арасындағы жарысқа қатысты. Алайда, ол жарақат алып, жекпе-жегін соңына дейін аяқтай алмады.
Ал, кәсіби алаңға шыққан қостанайлық Нұрсұлтан Түлепов (73 келі) Руслан Хисамутдиновқа (Қазан) техникалық жеңіліспен ұтылды.
Ермұхан Існиязовтің қарсыласы – 2012 жылғы Еуропа чемпионы Ниджат Иманов (Қазан) болды. Қазақстандық спортшы жекпе-жектің басында екі дәл соққы жасағаннан соң 3-ші минутта тәсіл жасап, таза жеңіске жетті.
«Біз Қазанда алғаш рет жекпе-жек өткіздік. Бұл біз ММА нұсқасы бойынша кәсіби жекпе-жек өткізген Ресейдің 9-шы қаласы. Бізді барлығы жақсы қарсы алды. Жігіттерімізді жоғары бағалап, басқа да жекпе-жектерге шақыратынын айтты. Біз жылдың соңына дейін бірнеше кәсіби турнирге қатысамыз. Қазір соларға дайындалудамыз. Сонымен қатар, жастарымыз Әлем чемпионатына барады. Бізде 12 лицензия бар», - деді жаттықтырушы Артем Бабаджанов.
ng.kz