Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет регбиден чемпионат өтті
Финалда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командалары кездесті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Кездесу 10:0 есебімен аяқталып, сәйкесінше, ҚР ҚК регбиден тұңғыш чемпионат кубогын «Шығыстық» спортшылар жеңіп алды. Екінші орында – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы. Қапшағай қ. десанттық-шабуылдау бригадасының регбишілері үшінші орынды иемденді.
«Чемпионат жоғары спорттық-техникалық деңгейде өткізілді, және регбидің жеке спорт түрі ретінде ҚР Қарулы Күштердің жеке құрамын даярлауда маңызы өте зор», - деп атап өтті Дене даярлығы және спорт басқармасының бастығы полковник Б.Төленов.