Cадақ атудан «Алтын Мерген» фестиваль өтеді
Ертең Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында «Алтын Мерген» атты садақ атудан бірінші фестиваль басталады.
Фестивальдің мақсаты - бүкіл әлемге садақ атудың жаяу да, аттың үстінде де ату өнерін насихаттау.
Әлемде Еуропа, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Жапония мен Оңтүстік Америка елдерде садақ атудан үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды.
Ал, біздің елімізде садақ ату үйірмелері жоқ. Ал, бұл сайыс сол олқылықтың орнын толтыруға бағытталған алғашқы ірі шара.
Шараны ұйымдастырушылар - «Көшпелі өркениет құндылықтары» халықаралық қоғамдық қоры.
Фото: ulttyqsport.kz