Жазғы Азия ойындарында белсенді жұмысымен көзге түскен Индира Бектенова марапатталды
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Жазғы Азия ойындарында белсенді жұмысымен көзге түскен «KAZsport» телеарнасының жүргізушісі Индира Бектенова арнайы сыйлықпен марапатталды.
Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад аль-Фахад аль-Сабахтың атынан диплом мен естелік медаль табыс етілді. Дегенмен Индира Бектенова бұл жетістікпен шектелмей, әрі қарай кәсіби біліктілігін жетілдіруді көздейді.
Біздің анықтама:
Бектенова Индира Бақытжанқызы 1989 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
«KAZsport» телеарнасының редакторы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының спорт жаңалықтарының жүргізушісі, «Таңшолпан» бағдарламасының таңғы жаттығулар айдарының жүргізушісі, Қазақ радиосында «Sport.kz» бағдарламасының жүргізушісі.
Ол Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындары мен Инчхонда аяқталған Жазғы Азия ойындарынан қазақстандық көрермендерге хабар таратты. Бұл арқылы салауатты спорт салтын насихаттай отырып, бұқараны дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына үлесін тигізіп келеді.