Шымкентте ату спортынан Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды
Сайыстар ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар арасында екі жас санаты бойынша өткізілді.
Шымкентте «Эльдорадо» атыс алаңында Владимир Почиваловты еске алуға арналған оқпен және стендтік атудан халықаралық турнир мәресіне жетті.
Өңірде ату спортын дамытуға үлкен үлес қосқан КСРО спорт шеберін еске алуға Қазақстанның әр түрлі өңірлері мен Өзбекстан елінен жалпы саны 120-ға жуық спортшы келді.
Айта кетерлік жайт, стендтік атудан Қазақстан құрамасының 80 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының атлеттерінен жасақталынған.
Стендік ату сайысында да, оқпен атуда да жалпыкомандалық есепте оңтүстікқазақстандықтар бірінші орынды иеленді.