Қазақстандық спортшы 17 секундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, ONE FC чемпионы атанды
Сингапурде өткен «Battle Of Lions» турнирінде қазақстандық файтер Игорь Свирид орта салмақта бес раундтық жекпе-жек өткізді. Бұл жарысты ONE FC проумоутерлік компаниясы ұйымдастырды.
Ол қарсыласы бразилиялық Леандро Атаидесті 17 секундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеті.
Айта кетейік, бразилиялық файтер осы уақытқа дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіспен аяқтаған еді.