Карлсен мен Ананд шахматтан Әлем чемпионы атағы үшін өткен 8-ші партияда тең түсті
Ресейдің Сочи қаласында шахматтан қазіргі Әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен мен Үндістан елінің өкілі Вишванатан Ананд арасындағы 8-ші ойын тең аяқталды.
Енді екі шахматшы арасындағы есеп – 4,5:3,5. Әзірге Карлсен алда.
Әлем чемпионы атану үшін екі шахматшы 12 партия ойнайды.
Келесі ойын күндері: 20-21, 23, 25, 27 (тай-брейк) қараша.