Алматыда студенттер арасында конькимен жүгіруден ІІ Әлем чемпионаты өтеді
18 желтоқсан күні «Медеу» аренасында өтетін жарыста спортшылар 500, 1000, 1500, 3000, 5000, 10000 метр қашықтықтағы классикалық көпсайыс пен жеке қашықтықта сынға түседі.
Төрт күнге созылатын бәсеке FISU және ISU (Конькимен жүгірушілердің халықаралық одағы) ұйымдарының техникалық регламенттері мен ережелеріне сай өтеді. Бұл жарыс Алматыда 2017 жылы өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада қарсаңындағы «сынақ» ретінде өтетін екінші халықаралық сайыс.
Студенттер арасындағы Әлем чемпионатына 15 елден (Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Италия, Германия, Венгрия, Моңғолия, Эстония, Польша, Ресей, Қытай мен Нидерланд) 100 шақты спортшы қатысады.
Ресми жаттығулар 17 –ші желтоқсаннан басталады. Ал, 18-ші желтоқсанда сағат 10:00-де жарыс жолына ер балалар шықса, кейін қыздар жалғастырады. Сол күн салтанатты шарамен аяқталады.
Айта кетейік, студенттер арасындағы конькимен жүгіруден алғашқты Әлем чемпионаты 2012 жылы 18-21 желтоқсан аралығында Закопане қаласын (Польша) орналасқан Олимпиадаға дайындық орталығындағы ашық мұзайдында өткен.
Сол жарыста Қазақстан құрамасы жүлде саны бойынша жалпыкомандалық 5-ші орын иеленді. Қазақстандық спортшылар жалпы 5 жүлде (1 «күміс», 4 «қола») жеңіп алды.