Көкшетауда каратэден Тәуелсіздік күніне арналған турнир өтуде
Жарысқа Астана, Алматы, Алматы облысы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай мен Ақмола облыстарынан 120 спортшы қатысуда.
Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне арналған каратэден балалардың ашық чемпионаты мен кадеттер арасында республикалық турнир, жасөспірімдер мен ересектер арасында спорттық сайыстар өтуде, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».
Алғашқы үш команда кубок және дипломына ие болады. Жарыс қорытындысы бойынша «Ең үздік ката», «Болашақ чемпионы», «Рух», «Намыс», «Жігер», «Қайрат» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады.
50021