Шахматтан «Pavlodar Open-2014» жарысы аяқталды
Павлодарда швейцариялық жүйе бойынша өткен Қазақстандағы ең беделді турнирлердің бірі «Pavlodar Open-2014» аяқталды.
Жарыста Ресейден келген гроссмейстер Сергей Волков жеңіске жетті. Ол 10 ұпайдың 8,5-ін жинады.
Ал, 2-6 орынды (7,5 ұпай жинаған) Алексей Безгодов (Ресей), Алексей Александров (Беларусь), Владимир Бурмакин (Ресей), Павел Малетин (Ресей) мен Александр Зубарев (Украина) гроссмейстерлері бөлісті.
Үздік қазақстандық шахматшылар: Бауыржан Қасымов пен Кирилл Кудеринов. Олар 7 ұпай жинаған.
Фото: kazchess.kz