Шымкентте садақпен атудан халықаралық турнир аяқталды
Шымкентте Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген бапкер Шертай Әмірбековты еске алуға арналған садақпен атудан V халықаралық турнир аяқталды.
Турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан елдерінен жүзге жуық спортшылар қатысты.
Сайыстар үш жас санаты бойынша: жасөспірімдер, қыздар, ерлер мен әйелдер арасында өткізілді.
Айта кетерлік жайт, бұл жарыста ресейлік паралимпиадашы Михаил Диктованный ерлер арасындағы бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілді.
«Бұл биылғы маусымдағы соңғы сайыс, ендігі кезекте жаңа күш-жігермен жаңа маусымға, Қазақстан чемпионатына дайындаламыз», - дейді Астана қалалық командасының аға бапкері Светлана Ли.
sk-sport.kz