Алматыда шаңғы жарыстарынан Қазақстанның ашық кубогы өтеді
22-26 желтоқсан күндері Алматыда шаңғы жарыстарынан Қазақстанның ашық кубогы өтпек. Шаңғы жарыстарынан Халықаралық федерацияның (FIS) эгидасымен ұйымдастырылатын бұл сайыста халықаралық сайысқа қатысатын спортшыларға қосымша ұпай беріледі.
Сайыс нәтижесі бойынша 2015 жылдың ақпанында Алматыда жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын жас шаңғышылар құрамы жасақталады.
«Бұл сайыс бізге дайындығы мол, жүлде иеленуге үлкен әлеуеті бар жастарды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Әрі біз өз елімізде өтетін әлем чемпионатында жүлде иеленуді көздейміз. Әзірше қандай жүлде екенін айта алмаймы, бірақ, біз тыңғылықты дайындалудамыз. Біз өз елімізде өтетіндіктен, бұл факторды қолданып қалуға міндеттіміз», - Шаңғы жарыстарынан ҚР Ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.
ҚР Ашық Кубогына Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарының спортшылары қатысады. Сонымен қатар, Алексей Полтораниннен өзге Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысады.
Ұлттық құрама қазіргі таңда Әлем Кубоктарының кезеңдеріне қатысуда, сол себепті олар Алматыға бүгін түнде ұшып келеді, сол себепті алғашқы спринтерлік сайысқа қатыса алмайды. Бұл сайыста алда өтетін Әлем Кубогының кезеңдеріне және әлем чемпионатына қатысатын құрама спортшыларын қарастыру жұмысы жүргізіледі. Негізгі іріктеу келесі жылдың қаңтар айында Қазақстан чемпионатында жүргізіледі.
«Өткен Әлем Кубогының кезеңдерінің нәтижесін «қанағаттанарлық» деп бағалаймыз. Биылғы маусымда спортшыларды дайындау жұмысы сәл өзгерді: ауқымды әрі жылдамдықты талап ететін жаттығулар көп жасалындя. Сол себепті жарыстар қиынға соқты. Дегенмен бұл нәтижелер үміт ұялатады. Алдағы бір жарым айда спортшылар әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып, қажетті қалыпта өнер көрсетеді деп ойлаймын», - дейді А.Невзоров.