«Рио-2016 Олимпиадалық стипендиясын» қазақстандық 29 спортшы иеленді
Қазақстандық спортшылар стипендияны «Олимпиадалық ынтымақтастық» аясында алды.
«Олимпиадалық ынтымақтастық» – Халықаралық Олимпиада комитетінің олимпиадалық қозғалыстың дамуына бағытталған бағдарламасы.
Қазақстанға жалпы саны 29 стипендия бөлінді. Рио-2016 Олимпиадалық стипендиясын боксшылар Иван Дычко, Данияр Елеусінов, Берік Әбдірахманов, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы, зілтеміршілер Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, палуандар Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тінәлиев, Расул Қалиев, Гузель Манюрова, дзюдошылар Максим Раков, Азамат Мұқанов пен Елдос Сметов және таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев иеленді.
Стипендия – спортшылардың Олимпиада ойындарына дұрыс жаттығумен қамтамасыз етуге арналған қаржылық қолдау.
Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейро қаласындағы (Бразилия) Олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді.