Алматыда жүгіруден жаңажылдық жарыс өтеді
Алматыда 31 желтоқсан күні «Денсаулық-2015» дәстүрлі жаңажылдық жарысы болады. Биылғы турнирдің ерекшелігі қатысушылар бұл жолы түнде емес, күндіз жүгіреді.
Қатысушыларды тіркеу 31 желтоқсан күні таңғы сағат 10:00-ден бастап Орталық стадионда жүргізіледі.
Орталық стадионды айнала жүгіретін спортшыларға берілетін жалпы қашықтық - 1200 метр. Жас мөлшерлері бойынша жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Сонымен қатар, негізгі жарыстан соң отбасылық және ұлттық спорт түрлері бойынша да сайыстан өтеді.