Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін жедел шахматтан халықаралық турнир өтеді
Турнирге шахматтан құрлықтық ойындардың әр жылғы чемпиондары қатысады деп күтілуде. Шахмат ойыны 9 турдан тұратын айналма жүйе бойынша өтеді.
Бақылау уақыты: бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 10 секунд қосымша уақытпен партия аяғына дейін - 15 минут. Жарыс ХШФ (халықаралық шахмат федерациясы) ережесі бойынша жүреді.
Жүлде қоры 3 миллион теңге болатын жарысты Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Павлодар облысының Шахмат федерациясы ұйымдастыруда.
Қатысушылар:
Александр Халифман (Ресей) – халықаралық гроссмейстер, 1999 жылғы ХШФ классикалық шахматтан Әлем чемпионы, Олимпиаданың үш мәрте жеңімпазы.
Алексей Александров (Беларусь) – халықаралық гроссмейстер, шахматтан Еуропа чемпионы.
Адли Ахмед (Египет) – халықаралық гроссмейстер, Африканың екі мәрте чемпионы, Африка Олимпиада ойындарының үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы Әлем чемпионы.
Хулио Гранда Зунига (Перу) – халықаралық гроссмейстер, Американың төрт мәрте чемпионы.
Ли Молтон (Автралия) – халықаралық дәрежедегі шебер, классикалық, жедел және қарқынды шахмат ойындары бойынша Австралия чемпионы.
Евгений Владимиров (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның төрт мәрте чемпионы.
Павел Коцур (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның төрт мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.
Петр Костенко (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.
Әнуар Ісмағаметов (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.
Ринат Жұмабаев (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы.
Турнир 28-30 қаңтар аралығында өтеді.