Кейхацу Кубогы. Қазақстандық каратешілер Бэлла Самашева мен Гузалия Гафурова алтын медаль иеленді
Бішкекте WKF карате-додан «Кейхацу Кубогы» халықаралық турнирі аяқталды.
Жарысқа Қырғыз Республикасы, Қазақстан және Тәжікстаннан 500-ден астам спортшы қатысқан.
«Сегізінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстаннан, яғни Қызылорда, Шымкент, Алматы, Астана, Семей, Өскемен қалаларынан көп каратеші келді. Осыған дейін турнир жеті рет өткізілді. Сол уақыт аралығында «Кейхацу Кубогын» екі рет Қазақстан спортшылары иеленсе, қалған бес рет жүлде Қырғыз спортшылары алған», дейді халықаралық турнирді ұйымдастырушы Бішкек қаласының WKF карате-до федерациясының басшысы Дмитрий Казанов.
Биыл Кубокта жалпыкомандалық есепте 15 алтын медаль иеленген бішкектік «Кейхацу» клубы жеңіске жетті. Екінші орынды 12 алтын жүлдемен Тараз қаласының каратешілері иеленді. 4 алтын медаль жеңіп алған Астана құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар арасында Инчхонда өткен Азия ойындарының чемпионы Гузалия Гафурова бар. Сонымен қатар, жас каратеші Бэлла Самашева да алтын жүлде иеленді. Ол финалдық жекпе-жекте қарсыласын 9:0 есебімен ұтқан.