«Алматы Марафонының» ұйымдастыру комитеті тілшілерге сайыс жариялайды
«Алматы Марафонының» ұйымдастыру комитеті БАҚ өкілдерін «MediaRace» сайысына қатысуға шақырады.
Сайыстың басты мақсаты – салауатты өмір салты, әуесқойлық спорт пен Қазақстандағы жүгіру тенденциялары туралы басылымдардың санын көбейту.
Сайысқа қатысу үшін «Алматы Марафоны» және онымен байланысты тақырыптар туралы 2015 жылдың 1 ақпаны мен 20 мамыр аралығында жарияланған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Жеңімпаздар «Ең танымал материал» және «Материалдардың ең толық топтамасы» атты екі номинацияда анықталады. Жеңімпаздарға сыйлыққа ноутбук беріледі.
Сайыс қатысу үшін сайыс туралы Ережемен танысып, тіркелу формасын толтырып, оны материалдар топтамасымен manager@almaty-marathon.kz мекенжайына жіберу керек.