Қазақстанның шағымен бағдарлаушылары Әлем чемпионатында 4-ші орын иеленді
Норвегияның Хамар қаласында өткен шаңғымен бағдарлаудан Әлем чемпионатында дүниежүзінің ең мықты 19 командасы қатысты. Қазақстандық Ольга Новикова мен Михаил Сорокин аралас эстафетада 4-ші орынды иеленді.
Бұл эстафетаның классикалық (3 кезеңді) түрден айырмашылығы – мұнда тек екі спортшы (ер мен әйел) қатысады. Олар кезектесіп әрбіреуі 3, жалпы 6 кезең өтеді. Әр кезең 7-9 минутқа жалғасады.
Норвегияда өткен Әлем чемпионатына әлемнің ең үздік спортшылары қатысты. Сондықтан Қазақстан құрамасының алғашқы 5 үздік команданың қатарына ілігуі – жетістік.