Мәнерлеп сырғанау: Денис Тен «Төрт құрлық турнирінің» жеңімпазы атанды
Қазақстандық Денис Тен Сеулде мәреге жеткен «Төрт құрлық турнирінің» жеңімпазы атанды.
Бұл жарысты «Қазақстан» ұлттық және Қазспорт арнасы тікелей эфирде көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін 97,61 балл жинаған Денис Тен еркін бағдарламада да ешкімге дес берген жоқ. Сөйтіп биылғы маусымдағы ең жоғары балға (289,64) қол жеткізді. Америкалық Джошуа Фаррис екінші, қытайлық Янь Хань үшінші орынды еншіледі.
Бұған дейін әлем чемпионатының күміс, Сочи олимпиадасының қола жүлдесін иеленген Д.Тен Қазақстан тарихында тұңғыш рет аталмыш турнирдің чемпионы атанды.