Нидерланд пен Мексикада қазақстандық таеквондошылар қатысатын екі жарыс басталды
Нидерланд королдігіне Ұлттық құраманы бас бапкері Мұстахим Кабдрашев бастап барды. Эйндховен даянгінде ел намысын 10 спортшы қорғайтын болады. 42-ші рет ұйымдастырылыпжатқан G-2 дәрежесіндегі халықаралық «Dutch Open» турнирі Еуропадан ең беделді жарыстардың бірі.
Нидерланд королдігінде өтетін турнирге 1000-нан астам спортшы, үздіктерді анықтап, бақ сынайтын болады. «Dutch Open» тарихында Қазақстан таеквондо құрама сапында 2006 жылы 54 келі салмақта өнер көрсеткен Берік Рысбеков І орын алған болатын.
Сондай-ақ, дәл осы уақытта Қазақстан Ұлттық құрамасының экпсерименттік командасы Мексикада өтетін «Mexico Open» халықаралық турнирінде бақ сынайды. G-1 дәрежесіндегі жарыс елдің орталығындағы Агуаскальентес қаласында, 13-15 наурыз аралығы өтеді. Байрақты додаға 600-ден астам спортшы қатысады. Олардың көбісі Солтүстік пен Латын Америка құрлығының өкілдері.
Бүгін жарыстың алғашқы кездесулері өтеді. Мексикада өтетін турнирде ел намысын «Eagle» жобасының 5 спортшысы қорғайтын болады. Бұл жарысқа дейін француз бапкері Филип Пинер шәкірттері Бразилияда оқу-жаттығу жиындарын өткізгенін айта кетейік.