Михаэль Шумахердің ұлы апатқа ұшырады
«Формула-1» жарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің баласы Мик «Формула-4» топтамасын тестілеу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Autosport.
15 жастағы жарысқа қатысушы Лаузицринг автодромында өткен жарыста сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп, көлікті басқара алмай, көлігімен қиыршық тастарға тұрып қалған. Ол еш зардап шеккен жоқ.
Жарысқа анасының Бетч тегімен қатысқан Мик соңғы маусымдарда картинг топтамаларын өткізіп, қыркүйек айында KF-Junior класында картинг бойынша әлемнің вице-чемпионы атанған.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Михаэль Шумахер 2013 жылдың желтоқсанында тау шаңғысын тебу кезінде алған басының ауыр жарақатынан кейін Швейцариядағы үйінде оңалту курсынан өтуде.