Қазақстандық таеквондошылар Руслан Жаппаров пен Арман Нукештаев Мексикадан жүлделі оралды
G-1 дәрежесіндегі халықаралық жарыс Мексиканың Агуаскальентес қаласында 13-15 наурыз аралығында өткен. Беделді жарыста негізінен солтүстік пен Латын Америка құрлығының 600-ден астам өкілі сынға түсті.
Байрақты додада ел намысын француз маманы Филип Пинер жетекшілігінде жаттығып жүрген «Eagle» жобасының 5 саңылағы қорғады.
Эксперименттік құрама жобасының таеквондошылары 2 жүлдеге қол жеткізіп, жақсы нәтиже көрсете білді. +87 келе салмақта өнер көрсеткен Жаппаров Руслан финалда қарсыласына жол беріп, күміс жүлдені қанжығасына байласа, 68 келе салмақты сынға түскен жас Арман Нүкештаев қола жүлдені қанағат тұтты.