Астанада каратэ киокушинкайдан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Қазақстанның 13 аймағынан 700-ге жуық спортшы бақ сынаған жарыста Шығыс жекпе-жегінің мықтылары анықталды.
Қазір Қазақстанда киокушинкайды серік еткендер 15 мыңнан асып, бұқаралық сипат алды. Сондықтан бәсекелестік деңгейі де өсіп келеді.
Халықаралық қауымдастық еліміздегі каратэнің дамуына оң баға беріп, келер жылы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын Астанада өткізуге шешім шығарды. Дүниежүзілік сынға осы біріншілікте көзге түскендер қатысады.
Қазақстан чемпионатында Астананың спортшылары жеңіске жетті. Солтүстік Қазақстан облысының командасы екінші орынға ие болса, Павлодарлық өрендер үздік үштіктен көрінді. Енді жеңімпаздар Еуропа чемпионаты мен Әлем кубогына барады.