Таэквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына дайындығын бастады
Бұл күндері спортшыларымыз Азия чемпионаты алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты биыл Қытайлық Тайпейде тұңғыш рет өткізіледі.
Команда құрамы төмендегідей:
Ұлдар:
33 келі: Елжан Елшібай (Алматы).
37 келі: Арсылан Тілеген (Алматы).
41 келі: Димат Жұмабек (Алматы обл).
45 келі: Мәди Әубәкір (ОҚО).
49 келі: Тимур Нұргелді (Алматы).
53 келі: Ерасыл Бекболат (Алматы).
57 келі: Мақсат Қаби (ШҚО).
61 келі: Еламан Балтабаев(ОҚО).
65 келі: Дулат Сихымов (Алматы).
+65 келі: Шыңғыс Сәндібаев (Алматы обл).
Қыздар:
29 келі: Әлима Қайдарова (Алматы)..
33 келі: Диана Назарова (Алматы).
37 келі: Таңшолпан Жәлелова (Алматы обл).
41 келі: Гүлбала Абызбаева (Қызылорда обл).
44 келі: Ботагөз Қапанова (Қызылорда обл).
47 келі: Гүлдана Жұматай (Астана).
51 келі: Айым Тоғыман (Қызылорда обл).
55 келі: Жадыра Хайруллина (Атырау обл).
59 келі: Әмина Нұрғазықызы (ОҚО).
+59 келі: Жібек Көпен (Қызылорда обл).
Естеріңізге сала кетейік былтыр таэквондодан Баку қаласында бірінші рет ұйымдастырылған Әлемдік додада біздің өрендер күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.