3 кезең. Сан-Рафаэль - Сан-Хуан
«Дакар-2014» ралли-марафонының үшінші кезеңі Аргентинаның Сан-Хосе қаласында аяқталды. Кезеңнің жалпы ұзындығы – 596 шақырым. Бұл кезеңде «MINI» көлігін тізгіндеген испандық Хоан Нани Рома жеңіске жетті. Оның көрсеткіші – 2 сағат, 58 минут және 52 секунд. Жеңімпаздан жеті секунд қалып қойған поляк Кшиштоф Холовчик («MINI») екінші орынды иеленді. Үшінші орында Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Лерой Паултер («Toyota»).
«Proto Overdrive» көлігін мінген Айдын Рақымбаев пен Владимир Демьяненко кезеңді 20-шы болып аяқтады. Қазақстандық экипаждың нәтижесі – 3 сағат, 15 минут және 55 секунд. Ал Т2 тобында жарысқа қатысқан Денис Березовский мен Игнат Фальков мәреге 63-ші болып жетті.
Жол талғамайтын көліктер арасынан испандық Рома жалпы есепте көш бастады. Екінші және үшінші орында аргентиналық Орландан Терранова мен катарлық Салех Аль-Аттия. Рақымбаев пен Демьяненко 21-ші орынға көтерілді. Жеңімпаздан 1 сағат, 38 минут және 51 секунд қалып келеді. Березовский мен Фальков 57-ші орында (+5:19:17).
Жүк көліктері арасында сынға түсіп жатқан жалғыз қазақстандық экипаж мәре сызығын 23-ші болып кесті. Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Радим Капланек экипажының уақыты – 4 сағат, 20 минут, 32 секунд. Бұл кезеңде ресейлік «КАМАЗ-Мастер» командасының өкілі Андрей Каргинов жеңімпаз атанды. Оның нәтижесі – 3 сағат, 21 минут және 29 секунд. Жалпы есепте голландық спортшы Жерар де Рой топ бастап келеді.