Таэквондодан Әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды
Мамыр айының 12-19 аралығында Ресейдің Челябі қаласында өтетін таэквондодан (WTF) әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық командасының құрамы белгілі болды.
Ерлер арасында жарысқа қатысатын спортшылар: Елдос Ысқақ (54 кг), Нұрсұлтан Мамаев (58 кг), Дархан Қасымқұлов (63 кг), Арман Нүкештаев (68 кг), Ержан Әбілқас (74 кг), Мақсат Әбдірамбек (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг), Руслан Жапаров (+87 кг).
Әйелдер арасында жарысқа қатысатын спортшылар: Жазира Сапарбек (46 кг), Анаргүл Сабыр (49 кг), Фариза Алдангорова (53 кг), Әсел Қойлыбай (57 кг), Гүлім Бибалаева (62 кг), Феруза Ергешова (67 кг), Айгүл Елубай (73 кг), Мереке Жүнісова (+73 кг).
Әлем чемпионаты екі жылда бір рет Әлем Таэквондо Федерациясының (WTF) қолдауымен өткізілетін G12 дәрежесіндегі байрақты дода. Алдын ала болжам бойынша біріншілікке 150 мемлекеттен келген 1 мыңнан астам спортшы қатысып, үздіктерді анықтамақ. Олардың арасында Әлем және Олимпиада чемпиондары бар. Бұған қарамастан Ұлттық құрамаға кеңес айтып, жаттығуға етене араласып жүрген Оңтүстік Корея маманының пікірінше бізде кем дегенде 3 жүлде алуға мүмкіндік бар.