Айдос Ахметов пен Әсел Ғұбашева волейболдан халықаралық дәрежедегі төреші атанды
Халықаралық волейбол федерациясы (FIBV) қазақстандық Әсел Ғұбашева мен Айдос Ахметовке классикалық волейболдан халықаралық дәрежедегі төреші мәртебесін ресми түрде бекітті.
Қазақстан волейбол федерациясының мәліметке қарағанда, олар өткен жылы халықаралық семинар сынақтарын сәтті тапсырған. Осылайша 27 жастағы төрешілер халықаралық волейбол федерациясының ең жас төрешілері атанып, әлемдік деңгейдегі жарыстарға қазылық етуге мүмкіндік алған.
Айта кетейік, Әсел Ғұбашева қазірдің өзінде Филиппинде 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан бірінші Азия чемпионатында төрелік етіп үлгерді.